Өскеменде өрт кезінде 12 тұрғын эвакуацияланды

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Қазыбек Би даңғылында алты қабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт шықты. Құтқарушылар 12 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 5 бала. От 10 ш.м. аумақта жедел түрде жойылды. Зардап шеккендер жоқ, – делінген ТЖМ мәліметінде.

Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Жағдайды өртке жеткізбеңіз. Өртті тудыруы мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жойыңыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы