Өскеменде мас жүргізуші гүлзарға кіріп кеткен

18 тамызда кешке 30 жастағы шығысқазақстандық көлік құралын басқара алмай, бордюрге соғылып, гүлзарға "тұрақтаған", деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оның масаң күйде көлік басқарғанын анықтады. 

Құқық бұзушыға қатысты көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізуші жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады, - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысын жол қағидаларын қатаң сақтауға, жолдарда мұқият болуға және бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы