Өскеменде кросс-фест өтеді

Бүгін Өскеменде кросс-фест өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алтайньюс жазды.

Қала әкімдігінің дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі барша спортсүйер қауымға арнап жүгіруден жарыс ұйымдастырып отыр.

Бұл дәстүрлі спорттық шараға барлық қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Айта кетерлігі, қатысушылардың жас мөлшеріне қарай әр санатта жеңіске жету мүмкіндігі бар. 12-17 жас, 18-29 жас, 30-44 жас,45 және жоғары аралықтарында арнайы жүлделер табысталмақ, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Яғни, жүлделі 1-2-3 орын қатысушылар арасында төрт-төрттен үлестіріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да үсік жүреді
Өзгелердің жаңалығы