Өскеменде көру қабілеті нашар балалар саны артып келеді

Өскемен қаласында көру қабілеті нашар балалар саны артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде былтыр мектептерде 0-9 сынып аралығында оқитын 27 709 бала профилактикалық медициналық тексеруден өткен.

«Соның нәтижелері бойынша кейбір ауру түрлерінің көбейгені анықталды. Нақты айтқанда, 1117 баланың көру қабілеті нашарлаған. 2018 жылы мұндай 303 бала ғана болған еді. 213 баланың есту қабілеті төмендеп кеткен, ал осыдан 4 жыл бұрын бұл көрсеткіш тек 30 баланы құраған», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ 131 оқушының белі бүкірейгені, тағы 108 балада сколиоз анықталып отыр.

«Осындай аурулардың арту себебі – мектеп оқушыларының өмір салты. Планшетті, компьютерді, смартфонды көп уақыт пайдалану, таза ауада аз жүру, құлаққап қолдану, спортпен шұғылданбау, күйзеліс және дұрыс тамақтанбау балаларды түрлі сырқаттарға душар етеді», - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы