Кеше 2026, 06:35 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Өскеменде көпқабатты үйдің төбесінен құлаған ер адам көз жұмды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Өскемен қаласында ер адамның көпқабатты үйдің төбесінен құлау фактісі бойынша тергеу басталды. Қайғылы оқиға 6 мамыр күні Республика алаңында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ YK-news.kz-ке сілтеме жасап

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті оқиға фактісін растады.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін қолға алған.

Марқұмның жеке басы мен оқиғаның себептері нақтылануда.