Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды
Өскемен қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 101 қызметіне Потанин көшесіндегі көпқабатты үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар түтін басқан подъезден 30 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.
Белгілі болғандай, пәтерлердің біріндегі балконда қоқыс жанған. Көп ұзамай жалпы ауданы 3 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі анықталуда, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Өртпен күреске барлығы жеке құрамнан 24 адам мен 7 техника жұмылдырылды. Зардап шеккен ешкім жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда коммуналдық тариф 10% қымбаттады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы