Өскеменде коммуналдық қызметкер ретінде пәтерлерге кірген ұры ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында коммуналдық жүйе қызметкері ретінде үйлерге кіріп, тонаумен айналысқан алаяқ ұсталды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Өскемен қалалық Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 86 жастағы зейнеткер хабарласып, белгісіз ер адамның пәтеріне келіп, өзін «Өскемен жылу жүйелері» АҚ қызметкері ретінде таныстырып, ыстық су пломбасын ауыстырамын деген сылтаумен оның қаражатын алдау жолымен иемденгені туралы жүгінген.

Сол күні тағы бір 79 жастағы зейнеткер осындай өтінішпен жүгінді, онда белгісіз адам оның зейнетақы жинағын алдап, алып алған. Жедел-іздестіру іс - шараларын жүргізу кезінде Өскемен қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері патрульдік полиция взводымен бірлесіп «Сергек» АБК бейнебақылау камерасының көмегімен ер адамды анықтап, ұстады. Тергеу барысында, ер адам 1986 жылы туған Алматы облысының тұрғыны екені анықталды. Келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. 
Ұсталған ер адам Полиция басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, ШҚО Полиция департаменті бейтаныс, соның ішінде өзін әртүрлі әлеуметтік (немесе коммуналдық қызметтердің қызметкерімін деп таныстыратын адамдарға пәтердің есік ашпауға кеңес береді. 

Қандай жағдай болса да ондай қызметкерлерден құжаттарын көрсетуін талап еткен жөн. Көршілерді шақыру, тиісті мекемелерге қоңырау шалып олардың өз қызметкерін жіберген-жібермегенін, аты-жөнін сұрау немесе «102» телефонына келген «келушілер» туралы хабарлау артық болмайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы