Өскеменде колонияға 8 литр «колхозка» кіргізбек болған ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны колонияға құрамында спирт бар сұйықтықты қоршау арқылы кіргізуге тырысқан, деп хабарлайды Алтайньюс.
ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қауіпсіздік мекемесінің қызметкерлері (ОВ 156/2) түнде колонияның қоршауы бойымен ер адамның жүргенін байқаған. Нәтижесінде бөгде адамды қолға түсіріп, одан бес пластикалық алкоголь бөтелкесі тәркіленді.
Күдікті «сәлемдемені» сотталғандарға кіргізбек болғанын мойындады, – деп толықтырды ҚАЖД баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы