Бүгiн 2026, 18:51 Фото: freepik.com

Өскеменде көлік ұрлығы адам өлімімен аяқталды

Екі адам қаза тапты.

Өскеменде ұрланған көліктің қатысуымен адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 10 сәуір күні 35 жастағы ер адам Honda Inspire автокөлігін айдап әкетіп, Малдыбаев көшесімен Аблакетка жақтан қала бағытына қарай жүрген. Бір сәтте ол қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан.

Қатты соққы салдарынан екі көліктің де жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды. Mercedes көлігінің жолаушысы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Екі адамның өліміне әкелген жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.