Өскеменде қатты аяздан көпір жарылып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні әлеуметтік желілерде теміржолүсті көпірінен ақау шыққаны жайлы хабар тараған, деп жазды altaynews.kz. 

«Защита» теміржолүсті көпіріндегі жарылып кеткен тұсты демалыс күндері Өскемен қаласының тұрғыны бейнежазбаға түсіріп алған.

Алайда Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері алаңдауға еш негіз жоқ дейді.

Көпірді тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен арнайы комиссия қарады. Төмен температураның әсерінен көпір арқалығы деформацияланған. Келтірілген залал қауіп тудырмайды. Қалпына келтіру жұмыстары ауа райы жылыған соң басталады, - деп түсіндірді ведомстводағылар. 
Қазіргі уақытта көпірдегі қозғалыс штаттық режимде жүргізілуде. Ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде бұл мәселе бойынша кеңейтілген түсіндірме жұмыстары сәл кейінірек болатынын айтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы