28 Маусым 2024 2024, 05:10 Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Өскеменде гараждың шұңқырына құлаған ер адам құтқарылды

ТЖМ күштерімен гараждың шұңқырына құлаған 40 жастағы ер адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ күштерімен гараждың шұңқырына құлаған 40 жастағы ер адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өскемен қаласында 1984 жылы туған ер адам гараждың бақылау шұңқырына құлап, оны бетон құрылымымен басып қалды.

Жедел келген құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен ауыр жабынды көтеріп, ер адамды абайлап шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды, - деп жазылған хабарламада.