Өскеменде фамилиясын көлік нөмірінің орнына таққан әйел полицияға ұсталды

Өскемен тұрғыны мемлекеттік нөмірдің орнына фамилиясын жазып, әдемі видео түсірді. Әлеуметтік желіге жүктелген роликтен кейін ол жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңір орталығының тұрғыны көзтартар видео түсіруге бел буған: мемлекеттік тіркеу нөмірінің орнына өз фамилиясы жазылған әшекей тақтайшаны көлігіне тағып, қала көшелерімен жүрген.

Роликті ол әлеуметтік желіге жүктеген, оны полицейлер байқап қалған.

Полиция азаматшаны анықтап, көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, қозғалыс кезінде оның қауіпсіздік белдігін тақпағаны белгілі болды. Бұл үшін де әкімшілік жаза қолданылды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Құқық қорғаушылар мемлекеттік тіркеу нөмірлері заңда белгіленген тәртіппен орнатылуы тиіс екенін, оларды ауыстыру немесе жасыру жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Сондай-ақ, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау жол-көлік оқиғасы кезінде ауыр зардаптарға әкелу қаупін арттыратыны аталып өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы