Бүгiн 2026, 18:51 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Өскеменде есірткіні тапсырған тұрғынға 3 млн теңгеге жуық сыйақы төленді

Төлем облыс прокуратурасының бастамасымен қолға алынған, есірткі қылмысына қарсы күресте азаматтарды белсенділік танытуға ынталандыруға бағытталған «STOP есірткі!» пилоттық жобасы аясында жүзеге асырылды.

Өскеменде жергілікті тұрғын 1 кг астам синтетикалық есірткіні өз еркімен тапсырғаны үшін қомақты ақшалай сыйақы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
 
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, төлем облыс прокуратурасының бастамасымен қолға алынған, есірткі қылмысына қарсы күресте азаматтарды белсенділік танытуға ынталандыруға бағытталған «STOP есірткі!» пилоттық жобасы аясында жүзеге асырылды.

Жоба іске қосылғаннан бері бір жыл ішінде өзінің тиімділігін көрсетті. Түскен хабарламалар бойынша 12 қылмыстық іс тіркеліп, заңсыз айналымнан 3 кг-ға жуық синтетикалық зат тәркіленді. Қырағы азаматтарға берілген төлемдердің жалпы сомасы 3 млн теңгеден асты, - деп хабарлады ШҚО прокуратурасы.

Облыс прокуратурасы тұрғындарды есірткі тарату фактілері туралы «102» арнасына немесе 14 68, 8 771 659 53 22 сенім телефонына хабарлауға шақырады. Әрбір хабарласқан адамға құпиялылыққа, қауіпсіздікке және расталған ақпарат үшін ақшалай сыйақыға кепілдік беріледі.

Тағы оқи отырыңыздар:

Есірткі жарнамасына қарсы күрес күшейді: Қызылорда облысында 115 интернет-сайт бұғатталды 
ІІМ комитет төрағасы Данияр Мейірхан тексеріс кезінде қызметінен шеттетілді 
Астанада клиенттерге "күш-қуат" арттыратын қоспа сатқан фитнес-жаттықтырушы ұсталды