Өскеменде есірткі қойып кетушіден 2 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді
Өскеменде есірткі қойып кетушіден 2 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
ШҚО аумағында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ЖІІШ жүргізген кезде есірткіні салып-қойып кетуші облыс орталығының тұрғыны ұсталып, одан жалпы салмағы 498 грамм “Альфа-РVP” психотроптық заты тәргіленген.
Әрі қарай іс-шаралар нәтижесінде есірткіні тасымалдауға, сақтауға және таратуға күдікті Талдықорған қаласының тұрғыны өңірлік курьер анықталды және ұсталды.
Жүргізілген санкцияланған тінту нәтижесінде ұсталған адамнан жалпы салмағы 2 келіден астам “Альфа-РVP” психотроптық заты тәркіленді.
Барлығы 2, 654 грамм есірткі заты тәркіленді, ол өте үлкен және 9 мыңға жуық дозаны құрайды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.