2 Қазан 2026, 00:31 Фото: ШҚО әкімдігі

Өскеменде Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталды

Жаңа жол алты жолақты болады. Оның өткізу қабілеті тәулігіне 80 мың автокөлікке дейін жетеді деп жоспарланып отыр.

 

Шығыс Қазақстан облысының орталығында Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталды.

Көпір Серікбаев көшесін айналма жолдан ары қарай жалғастыратын жолдың құрамына кіреді. Жобаны жүзеге асыруға екі жыл мерзім қарастырылған.

Жаңа жол алты жолақты болады. Оның өткізу қабілеті тәулігіне 80 мың автокөлікке дейін жетеді деп жоспарланып отыр.

Көпір қала аудандары арасындағы қатынасты жеңілдетіп, жүргізушілер үшін қосымша бағыт ұсынады. Сонымен қатар негізгі магистральдарға түсетін жүктемені азайтып, көлік кептелісін төмендетуге және жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Құрылыс жұмыстарының басталуына арналған рәсімге Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Аймақ басшысы құрылыс орнына уақыт капсуласын салып, жұмыстарды сапалы орындап, жобаны белгіленген мерзімде аяқтаудың маңызын атап өтті.

Жаңа көпір Өскемен қаласындағы көлік қозғалысын жеңілдетіп, жол жүру қолайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, – деді ШҚО әкімі.