Өскеменде ер адам көшенің ортасында құлап, қайтыс болды

Өскеменде ер адам көшенің ортасында көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға куәгерлері оны құтқаруға тырысып, жедел жәрдем шақырғанымен, көмектесе алмады.

Қайғылы жайтты көзбен көргендердің мәліметінше, тұрғын қаладағы Белинский көшесінің маңындағы дүкен жанында қайтыс болған.

Ес-түссіз жатқан ер адамды көрген жаяу жүргіншілер полиция мен жедел жәрдемге хабар берген.

Алайда жедел жәрдем қызметкерлері ер адамды құтқару мүмкін еместігін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы