Өскеменде екі тұрғын көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының екі тұрғыны көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1966 жылғы әйел көпірден өзенге секіріп, өмірін өлімге қимақ болған. Құтқарушылар оқиға орнына қайықпен шықты.

Сол маңайдан көлікпен өтіп бара жатқан Дидар Адиков көпірдің жақтауында тұрған әйелді байқап қалған. Бірден тоқтап, оған көмекке ұмтылды. Суицидтің алдын алуға көмектескен тағы бір азамат болған. Екеуі әйелді полиция қызметкерлеріне тапсырды, – делінген хабарламада.
Дидар Адиков «УК ТМК» АҚ-да краншы болып жұмыс істейді екен. Ал екінші адам көмек көрсеткен соң өз деректерін қалдырмай, автокөлігімен кетіп қалған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы