Өскеменде екі қыздың үстіне автобус аялдамасының темірі құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде 10 және 12 жастағы қыздарға аялдаманың конструкциясы құлады. Қалада қатты жел соғып, айналаның астан-кестенін шығарды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Қатты жел қаладағы бірнеше ағаш пен екі аялдаманы құлатты. Оқыс оқиға Гагарин бульвары мен Өтепов көшесінде орын алды. Зардап шеккендер шұғыл ауруханаға жеткізілді.

Конструкцияның құлауымен қатысты барлық жағдайды қазір арнайы комиссия зерттеп жатыр. Құлаған әр аялдама бойынша қызметтік тексеру жүргізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы