2 Шілде 2023 2023, 17:10
Фото: t.me/qr_tjm
Өскеменде дәмхана өртеніп, 60-қа жуық адам эвакуацияланды
Өскеменде дәмхана өртеніп, 45 ересек және 10 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өскеменде дәмхана өртеніп, 45 ересек және 10 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпарат сәйкес, оқиға бүгін 5.23-те орын алған.
Барлығы 55 адам эвакуацияланды, оның ішінде 10 бала. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Эвакуациямен бір мезгілде өрт сөндірушілер өртке оранған дәмхананы сөндіріп, 6.19-да 120 шаршы метр алаңда өртті сөндірді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
ШҚО ТЖД барлық дәмхана үй-жайлары автоматты хабарлау жүйелерімен жабдықталуы тиіс екенін еске салады.