Өскеменде биыл тағы бір айналма жол салынады
Облыс орталығындағы ЖМК шағын ауданында қозғалысты жеңілдету үшін Есенберлин, Жібек Жолы көшелері мен Сәтбаев даңғылын қамтитын айналма жол салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласында жолдарды салу, жөндеу және абаттандыру бойынша өткен кеңес барысында айтты. Бұл туралы Altaynews жазды.
Биыл ШҚО полиция департаменті ауданындағы Спорт сарайынан Үлбі арқылы өтетін көпірге дейінгі учаскеде Астана көшесін кеңейту жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта Базовая көшесінде қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде төрт жолақты қозғалыс болады.
Өскеменнен Алматы бағыты жолына ерекше назар аударылады. ЖМК шағын ауданындағы қозғалысты жеңілдету үшін Есенберлин, Жібек Жолы көшелері мен Сәтбаев даңғылын қамтитын айналма жол салу жоспары бар. Мұнда екі жоба болмақ, яғни коммуникацияларды көшіру және жол салу. Жол айрығы бойынша Славский және Пермитин көшелерін кеңейту бойынша жобалар бар, - дейді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, Пограничная көшесінде де жолды кеңейту үшін тұрғындардан 13 үйді сатып алуға қаражат бөлінген. Осылайша, орталық көшелердегі қозғалыс ағымын төмендетуге және кептелістерді азайтуға мүмкіндік беретін бірқатар бірінші кезектегі жобалар іске асырылады.