Өскеменде білім беру мекемелері күрделі жөндеуден өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде білім беру мекемелері күрделі жөндеуден өтуде, деп хабарлады altaynews.kz.

Еліміздің ертеңі – білімді ұрпақ. Сондықтан Өскеменде білім саласы ерекше назарда. Жоғарыда аталғандай өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тəрбие беру мақсатында ашылған 60-қа жуық нысанның ішінде Назарбаев зияткерлік мектебі де бар.

Соңғы уақытта жылда жаңа мектеп немесе балабақша ғимаратын ашу үйреншікті үрдіске айналып отыр. Алдағы жылдары қаланың түрлі аудандарынан тағы төрт мектеп салып, бірнеше балабақша ашу жоспарда бар. Былтыр Жұмыспен қамтуды жол картасы аясында, биыл мектептерді жан басына шаға отырып қаржыландырудың негізінде қаланың 42 мектебі, 24 балабақшасы жəне 20-дан астам аула клубы жаңартылып, жөнделді.

Айта кету керек, бұл нысандардың көбіне 50 жылдан астам уақыт күрделі жөндеу жүргізілмеген еді. Мектептердің барлығында мемлекеттік-жекешелік əріптестік шеңберінде асханалар жаңғыртылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы