18 Қазан 2026, 12:18 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Өскеменде басына іш киім киген ер адам тұрғындардың зәресін алды

Тұрғындар түнде кіреберісте жүрген күдікті ер адамды бейнебақылау камерасынан байқап, жазбаларды тексерген.

Өскеменде көпқабатты үй тұрғындары кіреберісте тұрған балалар арбасынан пайдаланылған шприц тапты. Бұған дейін үйге түнде келіп жүрген күдік тудырған бейтаныс адам туралы да хабарланған.

Оқиға орнынан түсірілген фото мен видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Тұрғындардың айтуынша, белгісіз адам түнде бірнеше рет келгеннен кейін олар бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеруге шешім қабылдаған.

Кадрлардан түнгі уақытта ер адамның баспалдақпен төмен түсіп бара жатқанын көруге болады. Бұған дейін тұрғындар подъезде әйелдер киімімен және басына іш киім киіп жүрген белгісіз адамды байқағанын айтқан.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Өскемен • Усть-Каменогорск (@vko.oskemen)