Онлайн-ойын сатып алмақ болған балалар анасының карточкасын пайдаланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалардың анасының рұқсатынсыз банк карточкасын қолданудың салдары қылмыстық істің қозғалуына себеп болды, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
Өскемен қаласы тұрғынының банк карточкасынан ақша шешілу дерегін тергеу күтпеген жағдайға әкеліп соқтырды.
Өскемен қаласы ПБ кезекші бөліміне 42 жастағы әйел хабарласып, белгісіз адамдардың оның банк карточкасынан 45 мың теңге ақша шешіп алғанын айтты.
Аталған фактіге байланысты тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері арызданып келген әйелдің балалары онлайн-ойын қаһармандарын сатып алып, анасының карточкасымен ақша аудару арқылы төлегенін анықтады, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы