Өскеменде әйелді өрттен құтқарып қалған жігіттер марапатқа ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде әйелді өрттен құтқарып қалған жігіттер марапатталады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

12 наурызда Протозанов көшесінде орналасқан үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтерден өрт шыққан. ШҚО ТЖД өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келгенге дейін үш жігіт оқиға орнына жақын маңда болып, пәтерден шығып жатқан түтінді байқаған. Кейін балкон карнизінде әзер тұрған әйелді көрген.

Берік Сағымбаев, Дарын Жәнібеков, Бектемір Әлібеков ойланбастан көмекке келді.  Кіреберіске жүгіріп келіп, өрт шыққан пәтердің төменіндегі көрші пәтерге көтерілген. Кейін балконға шығып, Берік Сағымбаев әйелді шығарып алған. Оған достары Дарын және Бектемір көмектескен. Медициналық колледжде оқып жүрген Дарын қорыққан әйелге алғашқы көмек көрсеткен. Содан кейін олар пәтерлерді аралап, тұрғындарға өрт туралы хабарлаған. Барлығы қауіпті нысаннан тез арада шығып үлгерген, – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Олар бәрі дұрыс екеніне көз жеткізгеннен кейін өздері туралы ешқандай ақпарат қалдырмай, кетіп қалған. Бір күннен кейін ШҚО ТЖД құтқарушылары батырларды тауып, оларды марапаттау туралы баянат дайындаған.

Жігіттер – нағыз батырлар. Олардың әрекеттерінің арқасында адамдар аман қалды. Сонымен қатар, тұрғындарды эвакуациялау жұмысы жедел ұйымдастырылды. Берік Сағымбаев – жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейді, Дарын Жәнібеков – медициналық колледж студенті, Бектемір Әлібеков – «Өскемен жылу жүйесі» АҚ қызметкері, – деп қорытындылады ТЖД өкілі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы