Өскеменде «Ата-тек» жобасы ашылды

Ұрпақтың саулығы – ұлттың саулығы. Жуықта Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана «Ата-тек» атты жобаны қолға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетелі ұрпақты тал бесіктен тәрбиелеген дана халқымыз тек пен қан тазалығына баса мән берген. Бұл туралы Altaynews жазды.

Жеті атаға толмай қыз алыспау – ата-бабамыздан бері келе жатқан қатаң құқықтық заң-ереже. Дүниеге келер ұрпақтың қанының тазалығы мен денінің саулығын сақтау мақсатында жеті атаға дейін қан араластырмау шарты бұрыннан қалыптасқан. Бұл – физологиялық және психологиялық ауытқуды және ауруды тудыратын генетикалық өзгерістердің алдын алу үшін жасалған сақтық шарасы, - дейді жоба жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Оның айтуынша, жоба жалпылық сипатта емес, ата-тегін білуге ізденіс жасаған оқырмандарға бағытталған.

Бұл жобада біз оқырманға өзінің шежіресін зерттеуді, ақпаратты қалай іздеуі керектігін және интернет желілерінен зерделеуді үйретеміз. Зерттеу жүргізу барысында негізгі құралымыз - шежіре кітаптардың көмегіне сүйенеміз. Меніңше, жеті атасын білу әр азаматтың парызы. Сондықтан осы жобаны бастадық, - дейді жоба жетекшісі.

Айта кетейік, жоба аясында барлық оқырман, кез-келген уақытта келіп көмек сұрай алады. Бастысы шежіре зерттеуге ниетіңіз болса болғаны.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы