Өскеменде әскери қызметші ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында вакциналау паспортын қолдан жасау фактісі анықталды.
ІІМ Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қаладағы емханаларда әскери қызметшілерге вакцина паспорттарын қолдан жасап сатқандарды анықтады. Бұл туралы ведомство хабарлады.
Ақша үшін Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне әскери қызметкерлерге вакцина салынғаны туралы жалған ақпарат енгізген медицина қызметкерлері әшкереленді, - дейді аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл майор Азамат Мұхаметқалиев.Жалған вакциналау паспортымен ұсталған әскери қызметшіге ПТР-тест тапсырмастан қызметте болуға, сондай-ақ Ashyq қосымшасы арқылы мекемелерге кедергісіз кіруге мүмкіндік берген.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ішкі істер министрлігі жалған құжат жасағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны қолданғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске салды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ Ауғанстан банкінің қаражатын бұғаттады
Өзгелердің жаңалығы