«Тағы бір тілімі кімге?» – Өскеменде алғаш рет «тәтті» фестиваль өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының орталығында «Қарбыз Party - 2019» фестивалі өтті, деп хабарлады Алтайньюс.

Атаулы шараға қала тұрғындары мен қонақтары, шаһар басшысы және аудандардан келген бағбандар қатысты.


Фестивальде «Ең үлкен қарбыз», «Тағы бір тілімі кімге?», «Епті қарбыз» сынды байқаулар ұйымдастырылды. Қарбыздан жасалған тәтті сусындар мен түрлі мүсіндер жұртшылық назарына ұсынылды.


«Бүгінгі фестивальге облысымыздағы қарбыз өсіретін шаруа қожалықтарын шақырдық. Бағбандар 20 тоннадан астам қарбыз алып келді», – деді қалалық кәсіпкерлік және әлеуметтік бөлімінің басшысы.


«Ең үлкен қарбыз» номинациясын Күршімнің «Мұхамеджанов» ШҚ жеңіп алды. Қарбыз салмағы: 21,100 кг, ал екінші орын Зайсан ауданының салмағы 17,300 кг қарбыз өсірген шаруасына бұйырды.


Фестивальге қатысушылар смарт сағат, караоке микрофон сынды бағалы сыйлықтар мен қарбыз алса, балалар ойыншықтармен марапатталды.


Аталмыш шараға қатысқан қала әкімі Жақсылық Омар «Қарбыз Party - 2019»-дың тағы да өткізілетін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы