Өскеменде алғаш рет кітап фестивалі өтеді

Фестиваль 21 қыркүйек күні облыс орталығындағы арбатта өтеді. altainews.kz-тің жазуы бойынша, фестиваль аясында кітаптардың тұсаукесері, белгілі жазушылармен кездесулер, әдеби дефиле болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фестивальдің басты идеясы – кітап оқу мәдениетін дамыту. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының ауқымды бастамасын қаланың мәдениет мекемелері: кітапханалар, мұражайлар, театрлар, сондай-ақ кітап сату ұйымдары, білім беру мекемелері, жергілікті ақын-жазушылар қолдап отыр.

Кітап фестивалінің басты сахнасында өскемендіктер мен қала қонақтары кітап тұсаукесерлері, белгілі қазақстандық жазушылармен кездесулер, "Шабыт" жастар театрының тамаша қойылымдары, облыстық филармония әртістерінің музыкалық нөмірлері, әдеби дефиле тәрізді мазмұнды да қызықты мәдени бағдарламаларға қатыса алады, - деп мәлімдеді А.С. Пушкин ат. облыстық кітапхананың баспасөз қызметі. - Атап айтқанда, фестиваль аясында Жәди Шәкенұлы, Г.Н. Пуссеп тәрізді заманауи танымал авторлардың кітаптарының тұсаукесері, сондай-ақ "Абай әлемі" кітаптар топтамасының" 2024 жылғы жаңа шығарылымының тұсаукесері өтеді. Естеріңізге сала кетейік, "Абай әлемі" кітаптар топтамасы" әдеби жобасы облыс әкімдігінің бастамасымен 2018 жылдан бері жүзеге асып келеді. Жоба жерлес жазушылардың туған өлкенің өткені мен бүгінін қамтитын шығармаларын басып шығаруға арналған.

Арбаттағы Кітап фестивалінің тақырыптық локациялары барлық жастағы келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Кітап әуесқойлары мен кітапқұмарлар үшін – мазмұны мен формасы алуан түрлі кітап көрмелері мен инсталляциялар ұсынылады: Абай атындағы облыстық кітапхана қорынан "Кітаптар сөйледі" сирек басылымдар көрмесі (Семей қ.), облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорларынан жерлес жазушылардың жеке заттарының көрмесі, жерлес жазушылар шығармаларының QR-көрмесі, жасанды интеллект мүмкіндіктері пайдаланылған "Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары" балалар суреттерінің интерактивті көрмесі және т.б.

Сондай-ақ кітап сату локациясы баспа индустриясының жаңалықтары мен қазіргі аймақтық әдебиеттің даму тенденцияларына қызығушылық танытатындар үшін "Медиа-Альянс", "Восток-Печать", "Шығыс ақпарат" баспалары, "Арго" полиграфиялық компаниясы, "Қасым Қайсенов", "Бестселлер", "VITA", "MARWIN-Меломан" кітап дүкендері мен "Звено Алтая" әдеби бірлестігінің мүшелері, "Tŏr Altai", "Алтай Изумрудный", "Кедр" әдеби журналдарының редакциялық алқалары өз өнімдерін келушілер назарына ұсынады.

"Балалық кеңістігі" локациясында жас оқырмандарды әдеби ойындар, байқаулар, квестер, викториналар мен көптеген тосынсыйлар күтеді. Мереке барысында келушілер авторлармен әңгімелесіп, олардың қолтаңбасы мен кеңесін алып, жылы лебізін тыңдап, бірге фотосуретке түсу мүмкіндігіне ие болады. Бірегей Open Air салтанаты көңілді еркін микрофонмен аяқталмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы