Өскеменде Абай мен Шәкәрім мұрасы ұлықталды

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Абай және Шәкәрім. Ұлылар үндестігі» атты конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл іс-шара Абай күніне және ұлы ақынның шәкірті, аудармашы, тарихшы, сазгер, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына арналды. Бұл туралы Altaynews жазды.

Конференцияның мақсаты – ұлы ақын шығармаларын өскелең ұрпаққа насихаттау, құнды мұрасын дәріптеу.

Бүгін біз үшін ерекше күн. Өйткені ұлт кемеңгері, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының бай мұрасын ұлықтайтын күн. Дәрісті «Абай және Шәкәрім. Ұлылар үндестігі» деген атаумен өткізуді жөн көрдік. Өйткені ұлы ақынның бас шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толды. Ол Абайдың ізін, ақындығын, пәлсапалық, сазгерлігін жалғаған тұлға, – дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Айжан Қартаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы