Өскеменде 400 шаршы метр қойма жанып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында Деповская көшесіндегі қоймаларда шыққан өрт ауыздықталды.


Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, тілсіз жау сағат 20.49-да сөндірілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, қызыл жалынға оранған бокстардың бірінде ескі техника бар.

Өрттің салдарынан қойманың төбесі құлап кеткен. Зардап шеккен ешкім жоқ. От шарпыған жалпы аумақ – 400 шаршы метр. Оқиға орнында 30 құтқарушы мен 9 техника жұмыс істеуде, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы