Өскеменде 170 орындық балабақша ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Жақсылық Омар «Балдәурен» балабақшасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, кабинеттерді аралап көрді, деп хабарлады Алтайньюс.
Бұл балабақша мемлекеттік білім беру тапсырысының жобасы бойынша ашылады. Жиһазбен және қажетті құралдармен толық жабдықталған. «Балдәуренге» 19-шы шағын аудан мен Ұлан ауданының 1-ден 5 жасқа дейінгі балалары қабылданады. Жеті топ жұмыс істейді, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, жалпы облыс орталығында 77 балабақша (37 мемлекеттік, 40 жеке меншік) және 23 шағын орталық бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда келесі жылы тағы 100 электробус сатып алынады
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы