Өскеменде 12 адамды кене шаққан

Наурыз айының соңынан бесінші сәуірге дейін облыс орталығында кене шаққан 12 адам медициналық мекемеге жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақ халаттылар кенелердің белсенділігі сәуір-мамыр айларында артатынын еске салып, жәндік шаққан кезде бірден дәрігерге жүгіну керектігін ескертеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасы қазіргі уақытта медициналық мекемелерде кенге қарсы арнайы иммуноглобулиннің мөлшері жеткілікті екенін айтады.

Сәуірдің 5-іне дейін Өскеменде 12 адам, қала сыртында 7 адам кене шаққан. Атап айтқанда, біреуі — Самсоновка ауданындағы саяжайда, екі адам — Глубокое ауданының аумағында, тағы екеуі — Ұлан ауданы мен Алтай ауданының аумағында, - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, ересектер кене шағып алғаннан кейін № 4 қалалық аурухананың жарақат алу пунктіне  медициналық көмекке жүгіне алады, ал балаларды ана мен бала орталығында қабылдайды.

Жарақат пункттерінде кене энцефалитінің алдын алу үшін зардап шеккендер алатын иммуноглобулиннің жеткілікті мөлшері бар. Сонымен қатар кене энцефалитіне эндемикалық болып табылатын қалалар мен аудандардың медициналық мекемелерінде де болады, - деп атап өтті басқарма мамандары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Altaynews
Өзгелердің жаңалығы