Өскеменде «100 күнде 10 000 шұңқыр» акциясы басталды
«Кептеліссіз қала» бағдарламасы аясында Өскемен қаласында «100 күнде 10 000 шұңқыр» акциясы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, @Oskemen_bot телеграмм чат-боты ашылған. Өскемендіктер телефонмен жолдағы шұңқырды фотоға түсіріп, осында жіберген соң бірден мердігерлер сол жолды қалыпқа келтіреді.
Мұндай акциялар белсенді азаматтық қоғамды қалыптастырады. Осылайша, халық бюджет қаражатының қайда жұмсалатынын өздері шешеді. Алдағы уақытта жұмысымызды жақсарту үшін цифрлық технологияларды пайдалануды арттыруды көздеп отырмыз, – дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада Қарауыл көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады
Өзгелердің жаңалығы