Өскеменде жаңа ықшамаудандарға ауызсу жеткізілмек
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен қаласының 20-шы тұрғын ауданына осыдан екі жыл бұрын тартылуы көзделген ауызсу құбырлары биыл қолға алынуы мүмкін. Бұл жөнінде Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Елена Литвинова хабарлады.
Аталмыш тұрғын ауданға ауызсу тарту жұмыстарының кешеуілдеуі «Шешек» бұлақ ауданында сумен қамту жүйесін тарту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде жер асты суларының көтерілуімен байланысты. Осының салдарынан траншеяны құрғату және жер асты суларын бұру құрылыс мерзімін ұзартып жіберген."Бүгінгі күні құбыр желісін төсеу бойынша жұмыстар аяқталу үстінде. Дегенмен, суды беру үшін 19 тұрғын ауданы аумағында «Элеваторный» тоғанынан ІІІ көтерілім су сорғы станциясына дейінгі су тартқыштың құрылысы мен 14, 19, 20-шы тұрғын аудандарын сумен қамтитын контррезервуарлар құрылысын жүргізу керек. Ол үшін құрылыстың 4-кезегін аяқтау қажет. Ал оның аяқталуы ағымдағы жылы қаржыландыруға байланысты орындалатын болады", - дейді Елена Литвинова.
Қала әкімі орынбасарының айтуынша, 20-шы тұрғын ауданға жалпы ұзындығы 15 819 метр құбыр тартылмақ. Ал оған қарастырылған қаражат 681,199 млн теңгені құрайды.
"Өскемен қаласының 14, 19, 20-шы тұрғын аудандарын сумен қамтитын контррезервуарлар құрылысының 3-ші және 4-кезегінің құрылысы аяқталып, нысандар пайдалануға берілгеннен кейін 20-шы тұрғын ауданының сумен қамту жүйелері тораптық желілерге қосылатын болады", - деді әкімнің орынбасары.
Автор: Азамат ТЕМІРБЕКОВ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Өзгелердің жаңалығы