Өскемен-Зайсан бағытындағы ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 8 ақпанда Өскемен-Зайсан бағытында АКЗ1222 санитарлық рейсімен ұшып шыққан Ан-2 ұшағын қайта қондыруға мәжбүр болды. Өйткені ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышының істен шыққанын хабарлаған.
Ұшақ Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі автомобиль жолына мәжбүрлі түрде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Ұшақ та зақымданбаған. Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуедегі оқиғаларды тексеру басқармасының өкілдері оқиға болған жерге аттанды, - деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Вице-министр биыл ішкі сауданы қалай дамытатындарын айтып берді
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы