Өскемен тұрғынынан қалам тәрізді қару тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының тұрғынынан ататын қару-қалам тәркіленді, деп хабарлады ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Ерекше режимдегі колония қызметкерлері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлерімен бірге Өскемен қаласының 44 жастағы азаматын ұстады. Ол өз еркімен қолдан жасалған атыс қаруына ұқсас затты тапсырды.
Қылмыстық-атқару жүйесі мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде азаматтан автоқалам ретінде бүркемеленген, шағын калибрлі патрон үшін бір оқтаулы тапанша тәркіленді. Аталған факті бойынша балистикалық сараптама тағайындалды, - деді ШҚО бойынша ҚАЖ облыстық департаментінің бастығы Жанболат Қалетаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мұрат Ахметов жаңа қызметке тағайындалды
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы