Өскемен тұрғыны 128 келі марихуанамен ұсталды
ШҚО полицейлері 128 келіден астам марихуананы тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
29 наурыз күні ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Өскемен қаласының гараж кооперативтерінің бірінде 32 жастағы азаматты ұстап, оның өзінен және өзіне тиесілі гараждан әрі қарай қала маңында сатуға арналған 128 кг-нан астам марихуана есірткі затын тәркіледі.
Алынған есірткі құралдары 64 мың бір реттік дозаға тең. ҚР ҚК 297-бабы 3-тармағының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл жас жазушыларға Президенттік әдеби сыйлық табысталады
Өзгелердің жаңалығы