Өскемен тұрғындарына бау-бақшаларды түнде суаруға кеңес айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Өскемен Су арнасы» МКҚ суды үнемді пайдалануға шақырады, деп хабарлайды Noks.kz.

Жазғы маусымның басталуына байланысты барлық тұтынушыға суды үнемдеп және ұқыпты жұмсауды, санитарлық құралдар арқылы ауыз судың ағып кетуіне жол бермеуді сұраймыз. Бақша суаруға арналған бөшкелерді толтыру және бау-бақшаларды суару жұмыстары түнгі уақытта сағат 23:00-ден таңғы алтыға дейін жүргізілсін. Тротуарларды, жолдарды ауыз сумен жууға қатаң тыйым салынады, - деп хабарлады «Өскемен Су арнасы» МКҚ.

Тәртіп бұзушыларды сумен жабдықтау жүйесінен ажыратып, жауапкершілікке тартатын болады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы