Өскемен - Семей тас жолында жүк көлігі өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында газ тасымалдаған жүк көлігі отқа оранды, деп жазды Хабар24.
Апат «Өскемен-Семей» тас жолында кеше кешкі 21:00 шамасында болған. Баллондардың жарылуына байланысты жалынды тез сөндіру мүмкін болмады.
Қауіпсіздік мақсатында полицейлер жолды бөгеп тастады. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, жүргізуші де дін аман. Өрт бір жарым сағаттан кейін ауыздықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы