Өскемен қаласында көлік қозғалысы жабылады
2024 жылдың 28 тамызында Өскемен қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы мәлім етті.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың әртүрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталатын болады.
Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде Өскемен ГЭС ауданында автокөлік қозғалысын жабу бойынша шаралар қарастырылған. Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз, - делінген ведомство хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қасым, Жомарт, Кемел. Қазақ еліне +1 үшем дүниеге келді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы