Өскемен прокуроры қызметінен уақытша шеттетілді

Өскемен қаласының прокуроры Тимур Чакпантаев қызметінен уақытша шеттетілді. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде Чакпантаев бағыныштыларын ұрды деген күдікке ілінгені жайлы ақпарат тараған. Полиция әзірге түсініктеме берген жоқ. Дегенмен облыстық прокуратура қылмыстық істің барын растады, алайда прокурордың кінәсі дәлелденуі тиіс екенін атап өтті.

Ведомствоның ресми ақпаратына сәйкес, қала прокурорына қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» заңына сай, ол тергеу аяқталғанға дейін қызметінен шеттетілді.

Сонымен бірге прокуратура бұған дейін де ұқсас жағдайларға байланысты қаладағы өзге қызметкерлерге тексерулер жүргізілгенін, олардың бір бөлігі қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жазаға тартылғанын хабарлады.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтау прокуроры Ерболат Әбдіров те қызметінен уақытша шеттетілген болатын. Ол Алматы әуежайында ұсталған болатын. Кейіннен оның кінәсіз деп танылған еді.

Іс материалдарына сәйкес, прокурор ұшаққа бет алған жолда екі жерлес ағайындымен танысқан. Терминалдан әуе кемесіне апаратын автобустың ішінде оқиға болып, соның негізінде 28 тамыз күні желілік полиция бөлімінің қызметкері Әбдіровке қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Ол қоғамдық тәртіпті бұзды деген күдікке ілінген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы