Өскемен полициясы 7 жастағы баланы түні бойы іздеді

Өскеменде 7 жастағы бала жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алтайньюс жазды.

Полицияға баланың анасы кеше түнгі сағат он шамасында хабар берді. Тәртіп сақшылары дереу топ жасақтап, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

Жеке құрамының 270-тен астам қызметкері баланы түні бойы іздеді. Соның нәтижесінде бүгін таңертең полиция майоры Мақсат Смекенов пен полиция капитаны Сержан Ақпаев баланы саяжайлардың бірінен тапты. Балақай аман-есен үйіне жеткізілді, – деп мәлімдеді Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.

Баланың анасы тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы