Өскемен полицейлері веложүргізушілерге үндеу жариялады

Өскемендік полиция қызметкерлері велосипедшілерге жол ережесіне мұқият болуды ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті веложүргізушілер, жолда мұқият болып, жаяу жүргіншілер жолағымен көліктің жоқ екенін тексергеннен кейін өтіңіздер. Түнгі уақытта көшеге шықсаңыз велосипедіңізді жарықпен жабдықтаңыз, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, өткен аптада Сәтпаев даңғылында велосипед мінген жасөспірімді көлік қағып кеткен болатын.Кәмелетке толмаған бала дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы