Өскемен неге сусыз қалды: әкімдік түсініктеме берді

18 қаңтарда су құбырындағы апат салдарынан Өскемен қаласында екі мыңнан астам тұрғын ауызсусыз қалды. Бұл туралы хабарлайды BAQ.KZ хабарлайды.

"24kz" телеарнасының мәліметінше, сағат 10:30-да су жүйесінен мына нысандар ажыратылған:

алты көпқабатты тұрғын үй;

805 жеке тұрғын үй;

№26 мектеп.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, мамандар апат салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ауызсу жеткізу ұйымдастырылды, – деп жазылғанн репортажда.

18 қаңтарға қараған түні қала әкімдігінің баспасөз қызметі ұзақ үнсіздіктен кейін Instagram желісіндегі ресми парақшасында жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сумен жабдықтауды қалпына келтіру 19 қаңтар күні таңертең жоспарланып отыр, – деп хабарлады әкімдік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы