Өскемендіктер мешітте коронавирусқа қарсы екпе ала алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді Өскемен қаласының тұрғындарына сол жағалаудағы мешітте де коронавирусқа қарсы екпе алуға болады.
13 сәуір өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасасқан кезде облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы вакцинация пунктін ұйымдастыруды ұсынған болатын.
16 сәуірден бастап мешітте қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған мамандандырылған вакцинация пункті ашылды. Кең күту аймағы бар, онда вакцинациядан кейін пациент 30 минут медициналық бақылауда болады.Алғашқы күні-ақ вакцина алуға ниет білдірушілер табылды. Барлық процедураға шамамен жарты сағат уақыт кетеді.
Біріншіден, бұл тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жасалды. Екіншіден, бұл вакцинация процесін жеделдету болып табылады, - делінген хабарламада.
Вакцинациялау алдында дене температурасын өлшеу, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурация, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу және дәрігердің міндетті тексеруі жүргізіледі.
Вакцинаны алғаннан кейін науқас жалпы залға жіберіліп, 30 минут медициналық бақылауда болады.
Еріктілерден тек жеке куәлік және қабылдайтын дәрігердің рұқсаты қажет. Науқастың қолына екінші дозаны енгізетін кезең мен қандай жанама әсерлер болатындығы туралы жадынама беріледі.
Ерте ме, кеш пе, бәрібір вакцинаны алу керек деп ойлаймын. Вакцинация ұжымдық иммунитетті қалыптастырады және бүгінгі ушығып тұрған эпидемиологиялық ахуалды жақсартады. Кейбіреулер ауруханаға, емханаға барғысы келмейді. Бұл әрдайым жағымды эмоциялар тудыра бермейді. Бұл жерде жақсы жағдай. Барлығы ұйымдастырылған және өте ыңғайлы. Сондай-ақ «Ана мен бала орталығынан» жабдықтар әкелінген. Егу пункті санитарлық ережелерге сәйкес келеді, - деді ШҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қанат Турдиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарин: Екі жақ та мәселені шешуде ортақ диалогқа дайын
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы