Өскемен қаласында сотталғандарды вакциналау жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алу жалғасуда.
Сотталғандар алдымен коронавируска қарсы вакцина салдыруға келісетіні немесе бас тартатыны туралы тиісті құжатқа қол қояды. СОVID-19-ға қарсы екпе қабылдау алдында міндетті түрде сотталғандар термометрия жүргізу арқылы медициналық қызметкерлердің тексеруінен өтіп, аллергиялық реакциялар мен созылмалы аурулардың бар-жоғы ескеріледі.
Бүгінгі таңда 1030-ден артық қоғамнан оқшауға байланысты емес сотталған екпе салдырған. Сотталғандарға вакцинациялау жасауға олардың тұрғылықты орны бойынша тіркелген медициналық мекемелердің қызметкерлері жұмылдырылған.
Бүгін мен «Спутник-V» екпесін қабылдадым. Вакцинаны өзімді және айналамдағы адамдарды қауіпсіздендіру үшін салдырдым, - дейді «К» есімді сотталған.
Өскемен қаласында пробация есебінде барлығы 2687 сотталған тұр.
Мұның алдында ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері де екпе салдыртты, - деді Сол жағалау пробация инспекторы, әділет лейтенанты Қ. Қайнаров.