12 Қыркүйек 2023 2023, 22:31 Фото: - архив

"Oskemen cross fest - 2023". Өскеменде марафон өтеді

Өскеменде 10 шақырымдық марафон жарысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өскеменде 10 шақырымдық марафон жарысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Altaynews мәліметінше, қыркүйектің 24-де "Oskemen cross fest - 2023" кезекті марафоны ұйымдастырылады. 

Марафонға кез-келген адам қатыса алады. 14-17 жас аралығындағы қатысушылар 3 шақырымға жүгіреді. 18 жастан асқан қатысушылар 10 шақырымды еңсеруге тиіс.

Марафонға қатысамын деушілер 20 қыркүйекке дейін тіркелу қажет.