Өскемен-Алматы пойызында ер адам көз жұмды

Әлеметтік желілерде қайғылы жайттың видеосы жарияланды. Видео авторы пойыздың іші өте ыстық болғанын айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Видеода марқұмның 13 жасар немересінің көзінше қаза болғаны айтылады.

ҚТЖ хабарламасында жолаушы кондукторға денсаулығының нашарлағанына шағымданбағанын айтты.

 Пойыз жолсеріктері жолаушылармен және медицина қызметкерлерімен бірге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық шараларды қабылдады. Өкінішке орай, жедел жәрдем бригадасы жолаушының қайтыс болғанын хабарлады. Жолаушы кондукторға денсаулығының нашарлағанына шағымданбаған. Жолаушы әйелімен бірге Жарғыз-төбе станциясынан Алматыға бет алған. Әйелінің айтуынша, ер адам астмамен ауырады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушының отбасына көңіл айтад, - делінген ҚТЖ хабарламасында.

Полиция департаменті ер адамның өліміне қатысты тергеуді бастады.

Қонаев стансасындағы жергілік полиция бөлімі Өскемен-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызында кенеттен қайтыс болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу жүргізілуде, - деді Полиция департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы