Өскемен әкімдігі субұрқақтарға шомылуға болмайтынын ескертті

Өскемен қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі субұрқақтар маусымының ашылуына байланысты хабарландыру жариялады.

Мекеме субұрқақтарда шомылу қауіпті екенін, олардың желіге қосылғанын жеткізді. Бұл туралы Altaynews жазды.

Қалада субұрқақтар маусымының ашылуына байланысты олардың шомылуға арналмағанын естеріңізге саламыз! Ата-аналар, балаларды қадағалап, қаладағы субұрқақтар маңында қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз. Субұрқаққа шомылу барысында түбінің тайғақтығына байланысты технологиялық жабдыққа құлап, жарақат алу қаупі жоғары. Сонымен қатар, көптеген субұрқақтар желіге қосылған. Одан өзге олардың әртүрлі бағытта күшті қысыммен су шашатын жеке басқару жүйесі бар. Сондай-ақ, субұрқақтардан су ішуге қатаң тыйым салынады. Өзіңізге және балаларыңызға қауіп төндірмеңіз!, – деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы