Өскемен әкімдігі бақылауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдің шығысында тәртіпсіздіктер барысында 25 тәртіп сақшысы зардап шекті, деп хабарлады «Хабар 24».
Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Сондай-ақ қылмыскерлер 13 патрульдік көлікті жойып жіберген.
Өскеменнің орталық алаңына баратын барлық жол бүгінде жабылды. Арнайы жасақтар қойылған. Әкімдік жанында бронотехника тұр. Өскемен мен Семей шекараларында блок-бекеттер қойылған. Полиция қызметкерлері кірген, шыққан көліктерді тексеріп жатыр, - делінген хабарламада.
Банкоматтар кейбір жерлерде жұмыс істеп тұр. Зейнеткерлер ешбір қиындықсыз төлемдерін алып жатыр. Өскеменде интернет жоқ. Ұялы байланыс та әлсін-әлсін жұмыс істеп тұр. Бұл бизнеске кедергі келтіріп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құқықтық мәселелер бойынша қайда хабарласуға болады?
Келесі жаңалық
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы